«Е-Халық» жүйесі: ол қалай жүзеге асады?

басты жаналык2 Жаңалықтар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бірқатар нысанды аралады.

басты жаналык2

Ол алдымен Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығында болды. Онда «Ауылдық  округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» жобасы мен «е-Халық» жүйесі таныстырылды. Аталған министрлікке қарасты еңбек ресурстарын дамыту орталығы департаментінің  директоры Әбдікәрім Төреқұловтың айтуынша, жаңа тәсіл ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз, аз қамтылған отбасылар есебін жүргізуге және әр нысаналы топ бойынша еңбекпен қамтудың   нақты шараларын қолға алуға мүмкіндік береді.

басты жаналык2+1

– Статистикалық деректерге жүгінсек, елімізде 4 млн.-ға жуық үй қожалығы бар. Жылына екі рет жергілікті әкімдер ол жайында мәлімет жолдап отырады. Сол ақпарды базаға енгіздік. Сол кезде 125 мыңын ғана тіркедік. Себебі, онда қате көп: бірінің мекен-жайы жоқ, енді бірінің ЖСН-ні көрсетілмеген. Ал, Атырау облысында 145 мың жанның мәртебесі анықталмаған. Яғни, олардың кім екені белгісіз. Келесі жылдан медициналық сақтандыру жүйесіне бұл мәлімет аса қажет,-деген Әбдікәрім Төреқұлов мәртебе алудың маңыздылығына тоқталды. – Демек, әрбір адам Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, өзінің мәртебесін біле алады. Өйткені, сол арқылы оған міндетті медициналық сақтандыру жарнасы қалай төленетінін білуге болады. «Жергілікті бюджеттен қаражат қаралып, әрбір ауылдық округке канал жасалса, есепке алуға үлкен көмегі тимек. Бұл ең алдымен, әлеуметтік көмек кімдерге көрсетілетінін нақты анықтауға оң әсер етпек,-дейді ол.

басты жаналык2+2

Базаға мәлімет жинау жүйесінде ерекшелік бар. Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығы директоры Гүлнар Құспанованың айтуынша, облыс орталығы он бес учаскеге бөлініп, арнайы мобильдік топ құрылған. Бұл топ құрамына учаскелік полицей, жұмыспен қамту орталығының қызметкері, сол аумақтың дәрігері немесе медбикесі, жалпы, әкімдіктің барлық бөлімінен өкіл кіреді. Сәуір айынан бастап олар ақпарат жинайды. «Бастапқыда қобалжу болуы мүмкін. Кейін бәрі орнымен ретке келеді. Наурыз айының 15-інен бастап біздің мамандарымыз халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүйе туралы түсіндіруде»,-дейді ол.

басты жаналык2+3

Ведомоство басшысы бұдан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «APEC Petro Technik» колледжінде болды. Оқу орнының білім беру әдісімен танысқан министр тәжірибелік сабақтар өткізілетін шеберханаларды аралады.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз