Еңбек елеусіз қалмайды

Мұқыр ауылдық округі әкімі аппараты мен ауыл  клубының  ұйымдастыруымен «Еселі  еңбегімен  еленген  жандар» атты ардагерлермен  кездесу болып өтті.              

Кездесуге  ұзақ  жылдар ауыл  шаруашылығы  саласында жұмыс  жасаған, тыл ардагері Ораш Өтегенов, кезінде «Гурьев»  асыл  тұқымды  қаракөл қой зауытында шопан  болып еңбек етіп, әр жүз саулықтан 120-дан 150-ге дейін төл өргізген белгілі малбегі Жұмаш Жақсиев, теміржол саласында қырық жылдай тер төккен Төлеу Тайжанов    келді.

Ардагер ағалар жастарға өздерінің еңбек жолдары, сол  кездегі  мемлекеттік саясат, еңбек адамдарын қастерлеу, жұмысшылар мәртебесі туралы  қызғылықты естеліктерін айтты.

Әсерлі кештің соңында ауылдың қоғамдық өміріне  белсене араласып жүрген азаматтарға округ әкімі атынан  марапаттар тапсырылды.

 

А.ЕСЕНҒАЛИ,

Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз