Доллар құлдырай ма?

1471632182 Жаңалықтар

Қаржы сарапшылары доллардың жағдайы тұрақты еместігін мәлімдеді. Жағдайдың құбылуына ұдайы алғышарттар пайда болып отыр.

1471632182

«АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің доллардың құлдырауына жол бергісі келмейтіні түсінікті. Сондықтан, оның бағасы жасанды түрде ұсталып тұр. Мысалға, бейсенбі күні доллар индексінің бағасы негізгі алты валюта қоржынына (DXY) қарағанда, қайтадан арнаның төменгі шегіне жетті. Бірақ, кейін доллар қауіпті аймақтан шығып, нығая түсті» деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кеткен жөн, Федералдық резервтік жүйенің мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтап қалу және экономикаға қатысты болжамдарды нашарлау жағына қарай өзгерту шешімінен кейін америкалық валюта қарқынды түрде төмендей бастады.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз