Дина Нұрпейісова туралы қазақша-түрікше диск кітаптың таныстырылымы өтті + ФОТО

22851872 1992041654370682 3198450222669258683 n Жаңалықтар

Ақын, драматург, Қазақстан және Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі Маржан Ершудың «Дина-Dina» атты қазақ, түрік тілінде жазылған кітап-альбомы жарыққа шықты. Жаңа туындының тұсаукесер рәсімі «Кітапханалық туризм» жобасы аясында ұйымдастырылды.

22851872_1992041654370682_3198450222669258683_n

Бірегей жоба шеңберінде Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасына келген ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерімен бөлісті.

22728733_1992041797704001_5207650652233607390_n

Топ жетекшісі Дариға Дәуренбекова шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана ұжымына және салалық басқармаға алғысын жеткізді. Сондай-ақ, №1 қалалық кітапхана директоры Құралай Бүркітова «Кітапхана ісінің шебері» төс белгісімен марапатталды.

22728675_1992041687704012_7321171339269664580_n

Тоқтала кеткен жөн, «Кітапханалық туризм» жобасы «Астана-Атырау-Сарайшық-М.Өтемісұлы кесенесі-М.Мөңкеұлы мазары-Тасгран ескерткіші-Атырау-Астана» бағыттары бойынша жалғасады деп жоспарланып отыр.

22730635_1992041847703996_8998206404244190364_n

Гүлдана Жамбозова

Фото автордікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз