«Димаш» радиосы іске қосылды

img 2753 3215 Жаңалықтар

Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Польшада «Димаш радиостанциясын» іске қосты.

Димаш Құдайбергеннің Польшадағы фан-клубының Facebook-тегі жазбасында атап өтілгендей, бұл жаңа радиостанцияның өз радиохабар жасайтын студиясы және радио-контентке тікелей хабар тарататын өз платформасы бар.

Идея авторлары бұл жоба Димаш Құдайбергеннің творчествасын Польшада алға жылжыту және насихаттауға бағытталғанын айтады.

«Димаш» радиосы – Польшаның БАҚ-тарында Димаш Құдайбергеннің көп айтылмайтындығына біздің берген жауап. Ол – ресми тіркелген хабар тарату станциясы. Оның өзіндік хабар тарату платформасы бар, – делінген жазбада.

Сондай-ақ, мұнда интернет арқылы онлайн трансляция жүргізуге арналған студия да бар. Болашақта радиостанция жұмысын музыкалық блоктар, репортаждар, сұхбаттар, әдеби шолулар, ересектер мен балаларға арналған бірегей шоулар, тыңдаушылардың қатысуымен тікелей эфир арқылы телефон қоңырауларын қабылдау, чаттар жүргізу арқылы жандандыру ойда бар.

Жаңа радио сонымен қатар музыкалық стилі Димашқа жақын басқа поляк және шетелдік орындаушылардың да өнерін насихаттайды. Біз Димаштың елімізде және бүкіл әлемде танымал болғанын қалаймыз. Біз оның Польшаға концерт қоюға келгенін армандаймыз! – дейді жоба авторлары.

Ұйымдастырушылар жаңа радиостанция есігі Димаш Құдайбергеннің бүкіл әлемдегі жанкүйерлерінің бас қосуы мен ынтымақтастығы үшін ашық екенін атап өтті.

Радио сайты – radiodimash.pl. Онлайн трансляция Windows, Android, iOS платформаларында қолжетімді. Радио сілтемесі – radiodimash.pl.

Польшадағы «Димаш» фан-клубы әншінің творчествасын осы елде белсенді түрде насихаттайды.

«Liter.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз