КАРАНТИН: Димаш Құдайберген не үшін сақал өсіріп жатқанын айтты

snimok 5 Жаңалықтар

Аtr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген коронавирусқа байланысты карантин кезінде қаншалықты «өзгергенін» көрсетті.  

Димаш Instagram-да жариялаған фотодан оның сақал өсіргенін байқауға болады.

«Карантин-стайл. Уайымдамаңыздар, бұл уақытша», – деп жазды әнші.

Димаштың жазбасына әріптестері пікір білдірді. Оның ішінде әнші Анита Цой да бар.

«О! Сақалды жігіт», – деп жазды ол.

Нұржан Керменбаев Димаштың Майкл Джексонға ұқсап қалғанын атап өтті.

Сақалды флешмоб

27 наурызда америкалық актер Джим Керри жаңа челлендж бастады. Голливуд жұлдызы карантин аяқталғанша сақал өсіретінін айтты.

«Барлығымыз жұмысқа оралғанша сақал өсіремін. Суретімді желіге саламын. Мен әрқашан жұрттың назарында болдым. Енді жаңа бір нәрсе жасап көруге тырысамын. Маған қосылыңыз!», – деп жазды ол.

https://www.instagram.com/p/B-zo73GAVoC/?utm_source=ig_embed

«Спутник Қазақстан»

http://atr.kz/bez-rubriki/onlajn-oқudyң-innovatsiyasy-men-igiligi-nede/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз