ДЕПУТАТТАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Дүйсенбі күні VI шақырылған Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс І  сессиясы болды. Сесссияға қатысушылар алдында Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Алмабек Абдолов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауында барлық 19 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың депутаттары атанғандарға депутаттық куәліктері мен төсбелгілерін тапсырды.

 

Қала әкімі Нұрлыбек Ожаев атыраулықтар сенім артып, таңдау жасаған мәслихат депутаттарына табыстар мен сәттіліктер тіледі. Шаһар басшысы өткен шақырылымда қаланың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне үлес қосқан,  бүгінде «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған Бақытгүл Хаменоваға, облыстық мәслихаттың депутаттары болып сайланған Дияс Сұлтановқа, Абат Тасымовқа, Асқар Бопылдықовқа Алғыс хаттарын табыстап, сый-сияпатын көрсетті.

 

Газеттің толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз