Депутат көптің көңілінен шығатын ұсыныс айтты

9669721 Жаңалықтар

Atr.kz/ 26 наурыз, 2019 жыл. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың айтуынша, бас қаланың Астана аталуы да кезінде құлаққа оғаш естілді. «Нұр-Сұлтан» атауы қазір тосын көрінгенімен, сынала, сырлана келе, әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, ақыры көптің көкейіне қонақтары сөзсіз.

– Сонымен бірге, қазақ тілінде астана сөзі қалатынын да ұмытпаған жөн, олай болса, «жан-жүрегім астана», «қазақ елінің астанасы», «астаналықтар» сөздері синоним ретінде ары қарай да қолданыста жүре береді.

Астана сөзінің орыс тілінде жойылатынына қамыққандарға: «Мемлекеттік тілді үйреніңіздер. Сонда астана сөзін ауызекі тілде ары қарай да пайдалана бересіздер»» деген жөн, – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұдан кейін еліміздің кейбір өңірлері басты көшелерге Елбасының атын бергенін жариялай бастаған еді.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз