ДЕПУТАТ АТҚАРАР ЖҮК АУЫР

«Нұр Отан» партиясының қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Онда партияның депутаттық фракция құрамын өзгерту,  депутаттық фракция жұмыстарының 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын құрып, бекіту секілді мәселелер қаралды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші жартысына арналған депутаттық қабылдау кестесі нақтыланды. 

 

Бірінші мәселе бойынша, қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы депутаттық  фракция  мүшесі   Әмір   Ысмағұловты фракция мүшелігінен шығару және «Жергілікті өзін-өзі басқару» заңына сәйкес, депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қажеттігі айтылып, осыған орай, аумақтық сайлау комиссиясына ұсыныс берілді. Мұндай шешімге келу себептерін фракция жетекшісі Бақытгүл Хаменова былай түсіндірді.  Депутат Әмір Ысмағұлов мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциялары туралы типтік ережені сақтамаған, яғни қалалық партия филиалы ұйымдастырған іс-шаралар мен өткізілген фракция отырыстарына, мәслихат сессияларына қатыспай, бекітілген кесте бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізбеген. 

 

Отырыс барысында сондай-ақ, ағымдағы жылға арналған фракцияның жұмыс жоспары бекітіліп, билік партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің стандартына сәйкес қалалық мәслихат депутаттары, фракция мүшелерінің жеке қоғамдық қабылдау кестесі  жасақталды.  Сонымен,   талқыланған мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, шешім қабылданды. 

Ал, аталмыш партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әзмұханов қалалық мәслихаттағы  «Нұр Отан» партиясы фракциясының өткен жылда нәтижелі жұмыстар атқарғанына тоқталып, алда одан да зор міндеттер тұрғандығын атап өтті.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз