Дауасыз дерт: АИТВ инфекциясының таралуы тежеле ме?

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/26 маусым, 2019 жыл. Әлемде дауасыз дерт, емі жоқ сырқат атанған АИТВ инфекциясын жұқтырған 37 миилион адам өмір сүріп жатыр. Бұлардың қатарында 32 мың қазақстандық бар. Ал, 316 адам Атырауда тіркеуде тұр. Облыста АИТВ-инфекциясы тіркелген 1993 жылдан бері 36 адам қайтыс болған. Сондай-а06 13 адам ЖИТС ауруымен көз жұмған. Мамандар 2020 жылға атыраулықтарды түгеледей тескеруден өткізіп,  тұрғындардың статусын анықтамақ.

Ғасыр дерті делінетін  АИТВ инспекциясы  1960 жылдан тарала бастады.  Жұқпалы дерт Қазақстан аумағында сексенші жылдан бері бар. Ал,  ауруға шалдыққан алғашқы атыраулық 1993 жылы анықталыпты. Содан бергі кезеңде олардың  қатары 316 адамға жетті. Бұлардың 70-і шетелдік азамат болса, қалған 202-сі диспансерлік тіркеуде тұрған өңірдің тумалары. Алайда, бір алаңдатарлық жағдай науқастар қатары жасарып бара жатыр.   «ЖИТС ауруымен тіркелгендердің көбі – 20-29 жастағы адамдар. Жалпы науқастардың жасы 15-49 жас аралығын құрап отыр.  Бұлардың көбі бала туу жасында екендігі алаңдатады. Алдағы уақытта ауруға шалдығатындар бұдан жасаруы мүмкін  деген қорқыныш бар» дейді, Атырау облыстық ЖИТС орталығының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов. 

Уақыт өткен сайын АИТВ дертіне қарасы күрес те күрделене түсуде. Себебі, ине арқылы есірткі қолданатындар мен жезөкшелікпен айналысатындардың ортасы қауіпті дерттің ошағы саналады. Ал, ондай ортаға медицина мамандары мүлде бара алмайды. Сондықтан, аутрич-қызметкерлер іске қосылған. «ЖИТС орталығындағы «Сенім» бекетінде 8 аутрич-қызметкер жұмыс жасайды. Олар бұрын теріс жолда болған қыздар. Бірақ, кейінен түзеліп, АИТВ-ның таралуымен күресуге бекінген жандар. Өздерінің жұмыс жасайтын аймақтары бар. Солар арқылы шприцтарды және мүшеқаптарды таратамыз. Олар өздерінің аймағындағы инемен есірткі тұтынушы адамдарға береді. Бізге есеп жолдайды. Яғни, ай сайын қанша адамға қанша қорғаныс құралдарын таратқандығын бізге баяндап, есебін береді. «Сенім» бекеті болғандықтан, біз олармен анонимді жұмыс жасап, құпиялылықты сақтаймыз. Ал, олардың деректері код бойынша сақталады. Дәрігерлер олардың аты-жөнін білмейді»,  дейді ЖИТС дәрігері Гүлімшат Құрақова.

Дәрігердің айтуының жаны бар. Бүгінде нәпсіқұмарлықпен жаңылыс басып, отбасын өмірлік өкінішке қалдырғандар жоқ емес. Солардың бірі –  есімін жарияламауды өтінген АИТВ инфекицясын жұқтырған ана. Оған инфекция күйеуінен жұққан. «Атырау облысының тұрғынымын. Ауру белгісі алғаш табылған кезде аяғым  ауыр еді. Өмірден бірден күдерімді үздім. Бірақ, ЖИТС орталығындағы мамандардың көмегімен өмірімді сақтап қалдым. Маған дерт күйеуімінен жұғыпты. Ол жеңіс жүрісті қыздарға барған екен. Екеуміз де орталықта тіркеудеміз. Баламыз өмірге аман-есен келді. Бірақ, біз өмір бойына тіркеуде тұрамыз»,   дейді өзегін өкініш кернеген ана.  

Бүгінде ЖИТСорталғының мамандары қоғамдық орындарда, мекемелерде дерттің алдын алуға арналған шараларды жиі өткізіп келеді. Сонымен қатар, мамыр айынан бері арнайы жабдықталған автокөлікті іске қосыпты. Көлікпен көшеде, қоамдық орындарға барып, арнайы қан сынамаларын алады. Әр сынаманың қорытындысын 20 минутта анықтап береді. Ал, қан тапсырған адамның аты-жөні, дерегі тіркелмейді. Егер қандай да бір күмәнді жағдай орын алса, науқастың құпиялығын сақтап,  емдеу шараларын жүргізе бастайды.

 Әнел МАРАТОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің 4 курс студенті 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған