ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ – БАҚЫЛАУДА

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен фармацевтика саласындағы қауымдастықтар арасында дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың бағасын тұрақтандыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Осы мәселеге орай Атырау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті басшысының орынбасары С.Оразова аймақтағы жағдайды бізге айтып берді.

Бүгінгі таңда облыс халқына «ВRANDO» фармацевтикалық зауыты, 283 дәріхана, 10 оптика дүкені және басқа медицина құрылымдары қызмет көрсетеді. Осы мақсатта үшжақты, яғни, облыстық әкімдік, департамент және 166 фармацевтикалық нысан арасында меморандумға қол қойылды.

Аймақта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бағасының өсуіне қатаң бақылау жасалады. Халыққа ең қажетті деген дәрі-дәрмектің 200 атауына баға белгіленіп, биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін тұрақты бақылауда ұсталмақ.

Бұл дәрілік заттардың тізімі барлық дәріханаларда ілінген. Егер дәріханада баға өсуі байқалса, тұрғындардың 27-19-69 телефонына хабарласуына болады.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз