Олжас Сүлейменов волейбол турнирінде үздік ойыншы атанды (+ФОТО)

voleybol ardager Жаңалықтар

«Атырау» спорт кешенінде  Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуіне зор  үлес қосқан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында Х халықаралық турнир болып өтті.

  Үш күнге созылған жарыстың салтанатты ашылуында Атырау облысы әкімінің орынбасары, облыстық волейбол федерациясының президенті Серік Шапкенов, ядролық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының лидері, Қазақстанның Халық жазушысы Олжас Сүлейменов, қоғам қайраткері, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаевтар сөз алып, сайысқа қатысушы ардагерлерге  сәттілік пен жеңіс тіледі.  

voleybol ardagerler

Өскемен, Жамбыл, Алматы, Шымкент, Маңғыстау, Астана, Атырау қалалары және Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласынан келген егде жастағы волейболшылар тартысқа толы кездесулерде өзара мықтыны анықтасып, нәтижесінде құрамында 83 жастағы белгілі ақын Олжас Сүлейменов өнер көрсеткен Алматы қаласының «Казнау Буревестник» командасы барлық қарсыластарынан оза шауып, турнир жеңімпазы атанды. Ал, екінші орынды Ақтау қаласының «Маңғыстау» командасы еншілесе, Тараз қаласының «Ардагер» командасы жеңіс тұғырының үшінші сатысынан табылды. Сондай-ақ, 90 жасқа дейін доп соғуға ниет білдіріп отырған Халық жазушысы осы доп додасының үздік ойыншысы атанды.

voleybol ardagerler2
voleybol ardager

Мұратбек  ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз