Нұрлан Ноғаев Индер ауданында қоғамдық қабылдау өткізді

2019 02 06 111916620300 Жаңалықтар

Атырау облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Индер ауданында жұмыс сапарымен жүр.

Сапар  барысында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев «Нұр Отан» партиясының Индер аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

2019 02 06 111916620300

Қабылдауға келген тұрғындардың аймақ басшысының алдына қойған сауалдары мен мәселелері негізінен тұрғын үйге қатысты болды. Мәселен, Индербор кентінің тұрғыны Файзолла Қабиев қазіргі уақытта тозығы жеткен бұрынғы аурухана ғимаратын паналауда. Оның тұрған жерін мемлекет меншігіне алып, мүмкіндігінше тұрғын үймен қамтуды  сұрайды. Мәселені оңтайлы шешу жолы ретінде бүгіндері «Көктем» мөлтекауданында құрылыс жұмыстары басталған 48 пәтерлік төрт тұрғын үй салынып біткен кезде, осындай баспаналардың тұрғындарын орнынан  көшірудің мүмкіндігі туатындығы айтылды.

Индербор кентінің тұрғындары Дәмелі Төлебаева, Аққалы  Мұхамбетқалиева,  Марал Бозшиева мен Алтынай Мұқанбетованың әңгімелеріне де осы тұрғын үй жайы арқау болды. Бұлардың бірі мүгедектігіне байланысты тұрғын үй жағдайын жақсартудың мүмкіндігін қарастыруды сұраса, екіншісі әлеуметтік осал топ санатына кіретінін ескеріп, мәселесінің тезірек шешілуіне жағдай жасалуын өтінді.

Одан кейінгілері де кезінде жатақханадан баспана ретінде берілген бір бөлменің отбасына тарлық етіп, қолайсыздық туғызып отырғанын, енді бірі тиісті құжаттарының мезгілінде рәсімделмеуіне байланысты өзінің паналап отырған мекен-жайына тіркелуге құқығы жоқтығын айтып арызданған.

Жарсуат ауылының тұрғыны Байғали Өтеманов «Индер-Атырау» тас жолының бойындағы жол-патрульдік полиция бекетіне жүк автокөліктерінің салмағын өлшейтін құрылғылар орнату мәселесін  көтерді. Бұған байланысты қазірде Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының жылжымалы бекеті мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп рейдтік шаралар өткізіп келеді. Бұл мақсатта бюджет қаражатына арнаулы құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған екі бірлік шетелдік маркадағы автокөлік сатып алынған.

Дәулетқали АРУЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз