Атырау қаласының әкімі жастардың сауалына жауап берді (+БЕЙНЕЖАЗБА, СУРЕТ)

51251584 752613778454441 5393591957194801152 n БЕЙНЕЖАЗБА
https://www.youtube.com/watch?v=OIoS7yV6M-Y&feature=youtu.be

Қала маңындағы ауылдық округтер әкімдерінің есеп беруі аяқталды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

51390228 751858281863324 4674777919774523392 o

23-29 қаңтар аралығында қала маңындағы селолық окргутерде әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері өтті. Жергілікті атқарушы билік өкілдеріне 100-ге жуық ауыл тұрғыны өз сауалдарын жолдады. Әкімдермен есеп беру кездесулерінде барлығы 5 мыңға жуық ауыл тұрғындары қатысты.

Жиі қойылған сауалдар қатарында көшені жарықтандыру мен аялдамалар, жаяу жүргіншілер жолы мен жаңа жолдар, мектеп пен балабақша құрылысына қатысты сауалдар болды. Ауыл жастарын спорттық залдар құрылысы мәселесі көбірек қызықтырды.

Атап айтқанда, джиу-джитсудан бапкер Мейірбек Катанов Дамба ауылдық округінің әкімі есебінде Атырау қаласының әкімінен жергілікті жасөспірімдерге арналған тренажер залын салу үдерісін жылдамдатуды сұрады.

51251584 752613778454441 5393591957194801152 n

– Қазіргі уақытта біздің жастар бос уақытында ештеңе істемейді. Төрт жылдан бері мен жасөспірімдерді дайындадым, бізде сабақтарды өткізуге ешбір орын жоқ. Барлық Дамба жастары атынан мен сізден ауданымызда жаңа спорт залын салу үдерісін жеделдетуді сұрағым келді,- деп спортшы Әлимұхаммед Құттұмұратұлына өтінішін білдірді.

51500052 752613738454445 1168928710280085504 n

Өз кезегінде қала басшысы нысан құрылысының ЖСҚ жасақталғанын айтып, мемлекеттік сараптамадан өтетінін уәде етті.

-Бұдан кейін аудандағы спорт залы жергілікті бюджет есебінен немесе демеушілердің қаржысы есебінен салынатын болады, – деп жауап берді қала әкімі.

Атырау ауылдық округінің спортшысы Әнуарбек Батаев өз ауылдық округінде жаңа спорт залын салуды сұрады. Жастар ескі және жабдықталмаған бөлмелерде жаттығуға мәжбүр болған.

– Қазіргі таңда 6 жаңа спорт кешенінің ЖСҚ жасақталды. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыс басталады. Осы бағытта Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша біз ауылдық округтерде де спортты дамытуға ниеттіміз,- деп қорытындылады Әлимұхаммед Құттұмұратұлы.

51548738 752613918454427 3664731345537466368 n

Айта кетейік, Ақсай, Дамба, Бірлік, Химпоселок, Тускқала ауылдарында жаңа кроссфит залдары салынады. Жаңа спорт нысаны Атырау ауылдық округінде де пайдалануға беріледі.12Нұрислам Ғұмар, Маржан Ершу и ещё 10Комментарии: 2Поделились: 1НравитсяКомментироватьПоделиться

Комментарии
  • Zhanibek Jumagali Қала ішінде барлық жолдар және жол жиектері (обочиналарды) қашан дұрысталады?
    Мысалы фотода Флорида жолдары, неге осындай етіп барлық жолдарды жасамасқа?
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз