Атырауда төрт жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

20190129184512 Жаңалықтар

Атырауда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 4 жасар бала көптеген жарақаттармен жансақтау бөліміне жеткізілді.

20190129184512

«Бала Атырау облыстық балалар ауруханасына көптеген жарақаттармен жеткізілді. Баланың басынан қан кетіп, ауыр деңгейде жарақаттанған, иық және жамбас сүйектері сынған», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Дәрігерлердің айтуынша, жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы тұрақты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз