Атырауда мешіттің жастар жамағаты арасында футболдан жарыс өтті (+ ФОТОРЕПОРТАЖ)

2018 41 Жаңалықтар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен биылғы жылдың жастарға арналып отырғаны белгілі. «Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша жастар секторының ұйымдастыруымен футболдан жарыс өтті» деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

         Кіші аяқ доптан жарысқа мұнайлы өлке орталығындағы жеті мешіт қатысты. Атырау қаласындағы Балықшы спорт кешенінде өткен сайысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мұнайлы мекеннің Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы ашты.

2018 29

         Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, жастар арасындағы ынтымақты арттыру тақырыптарына тоқталған Бас имам ойыншыларға сәттілік тіледі.

2018 42

         Тартысты өткен бәсекеде бірінші орын орталық «Иманғали» мешітінің намысын қорғаған жастарға бұйырды. Атырау селолық округі мешіті мен «Мәулімберген» мешіті жастарынан құралған командалар екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

2018 41
2018 14
2018 2
2018 33
Фото – islam-atyrau.kz
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз