#COVID19OUT: интернет желісінде ерекше челлендж пайда болды

img 20200319 wa0024 Жаңалықтар

Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл.  Интернет желісінде ерекше челлендж пайда болды.

Атыраулық дәрігерлер бастаған челленджді журналистер қолдауда. Осылайша, челлендж арқылы мамандар қазақстандықтарды сақтық үшін үйде отыруға шақыруда.

«Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз» делінген дәрігерлер қолға ұстап түскен суретте.

«Мен сіз үшін жұмыста қалып, бейнематериалдар дайындадым. Сіз мен үшін үйде қалып, теледидар қараңыз» делінген журналистер қолға ұстап түскен жазбада.

img 20200318 wa0068

Осылайша дәрігерлер мен журналистер жұртшылықты өз денсаулықтарын күтуге, әлеуметтік мессенджерлердегі жалған мәліметтерге емес, тексерілген ақпараттарға сенуге үндеуде.

#COVID19OUT

#BIRGEMIZ
#BIRGEMIZ_aouz_covid19

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

img 20200318 wa0065
img 20200319 wa0023
img 20200318 wa0063
http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-shekteu-қojylғanyna-қaramastan-kafe-mejramhanalar-zhұmysyn-zhalғastyrғan/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз