COVID-19: Қажетті дәрі-дәрмектің үш айлық қоры бар

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/16 қазан, 2020 жыл. Атырау облысының медициналық ұйымдарында  қажетті дәрілердің, оның ішінде коронавирусқа қарсы препараттардың қоры жеткілікті.

Өңірдің дәріханалар желісіндегі дәрілік заттардың төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы аса қажетті 40 түрлі дәрілік заттар сатып алынған. Бүгінде олардың біразы облыстың 164 дәріханасына жеткізілсе, қалғаны тұрақтандыру қорының қоймасында сақтаулы.

–    Бүгінде облыста 3 айға дейін азаймайтын қор жасақталған. Оған қоса демеушілік көмекпен дәрілік заттардың 9 атауы бойынша дәрі-дәрмек жеткізілді. Медициналық маскалар мен  бір реттік қолғаптар да жеткілікті, – деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев

«Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған