COVID-19: Атырауда тағы да 20 науқас тіркелді

eeb4c0dc 4056 11ea 8bb2 fa163e074e61 660 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/25 маусым, 2020 жыл. Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 20 адам тіркелді (24.06.2020 жылғы мәлімет бойынша).

COVID-19 жұқтырған 11 адам  Атырау қаласынан тіркелді.Олар 1964, 1996, 1979, 1972, 1974  жылы туған әйел адамдар,  1982, 1965, 1959, 1980, 1986, 1984 жылы туған ер адамдар.Олардың үшеуінен COVID-19  скринигтен өту барысында анықталды, қалғандары денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Сондай-ақ  2 жағдай Қызылқоға ауданының                          
1945, 1973 жылы туған тұрғындарынан тіркелді.Олар бұрын инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған. Тағы 2 жағдай Исатай ауданынан, 3 жағдай Индер ауданынан, 1 жағдай Махамбет ауданынан, Жылыой ауданынан 1 жағдай тіркелді. Олардың 4- уі ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінсе, екеуі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болса, біреуінен скринигтен өту барысында анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

24.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1560 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 1191.

«Атырау облыстық коммуниациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз