COVID-19: Атырауда тағы 9 науқас анықталды

201022092550864e COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/23 қазан, 2020 жыл. Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тоғыз адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың үшеуі Атырау қаласынан. Ал екі науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Екі науқас Жылыой ауданынан,  сондай-ақ, Индер мен Мақат ауданынан бір науқастан қауіпті індетті жұқтырған. 

Коронавирус жұқпасымен науқастанған үш адамда ауру симптомды түрде, алтауында симптомсыз түрде өтуде.
 
Сондай-ақ,  өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 38 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 102 науқас үй жағдайында емделуде.

Айта кетейік, облыс бойынша инфекциялық стационарда  47 адам емделіп жатыр. Оның 27с-і № 2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 20 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем қабылдауда.

«stopcoronavirus.kz»

arapraprarara

Инфографика: «coronavirus2020.kz«

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз