Бұл азап: коронавирус жұқтырған қазақстандық дәрігер қазіргі жағдайы туралы айтты

1 21 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/20 сәуір, 2020 жыл. Алматылық дәрігер Эльнура Ғаббасова қауіпті індетке шалдығып, ем алып жатқан науқастың бірі.

«Мен қазір коронавирус инфекциясы диагнозымен ем алып жатырмын. Бұған дейін коронавирус инфекциясы мен үшін алыс әрі өмірде жоқтай көрінетін. Бірақ, тағдырдың маған деген өзіндік жоспары бар болып шықты.

11 сәуір күні кезекті кезекшілікке шыққан уақытта мен де, әріптестерім де алда не күтіп тұрғанын білмеген едік. Біз науқастарды құтқару үшін бардық. Ал, нәтижесінде өзіміз әріптестеріміздің бізді құтқаруын күтіп отырмыз.

Бізді басқарып әрі эпидемияға қарсы шаралармен айналысып отырған адамдардың жұмысты ұйымдастыра алмауы мен жауапкершіліктің төмендігінің салдарынан біздің барлық ұжым қазір ауруханада жатыр.

Менен өзімді қалай сезінетінімді сұрауда. Өзімді қарға лақтырып тастап, түнімен басымнан соққы алғандай сезінудемін. Шыдатпайтын бас ауруы, 40 градус қызу бар. Бұл қызу еш нәрсеге түсер емес. Ауа жетпейді, буындарым, кеуде тұсым, белім қатты ауырып барады. Бұл өте қорқынышты.

Бүгін мен бірінші рет төсектен тұрып, ауқаттандым. Алға қарай, бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Біз үшін соңына дейін күресіп жатқан қызметкерлерге ерекше алғыс айтамын» деп жазды дәрігер Эльнура Ғаббасова «Фейсбук» желісіндегі парақшасында.

«Үйде отырыңыздар. Ақжелкен (петрушка), қызанақ, чипсы үшін осынша азапқа түсіп қалмаңыздар. Сіздердің хаттарыңыз, шалған қоңырауларыңыз, жіберіп жатқан дәрі-дәрмек, тағамдарыңыз маған жетіп жатыр…

Сіздердің қоңырауларыңызға жауап бере алмай жатсам ренжімеңіздер. Әзірге жауап беруге күшім жетер емес. Барлығыңызды жақсы көремін. Қатты құшақтадым» деп аяқтады постын Эльнура Ғаббасова.

Осыдан үш күн бұрын жарияланған пост 11 мың лайк жинаған. 3907 желі қолданушысы бөліскен. Саулық тілеп жатқан комментарий санында шек жоқ.

screenshot 20200420 175136

Еске сала кетелік, елорда уақытымен сағат 19.00-дегі жағдай бойынша, елімізде 1775 адам коронавирустан ем алып жатыр.

428 адам вирустан емделіп шықты. Өкінішке орай, 19 адам көз жұмды.

screenshot 20200420 175152

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblystyq-onkodispanserde-dezinfekciяlyq-tunnelь-ornatyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз