Букмекерлік кеңсені заңсыз ашқаны үшін 1 жылға сотталды

resize of 737 Жаңалықтар

Атырауда заңсыз түрде букмекерлік кеңсе ашқан азамат 1 жылға сотталды. Ол салық органына тіркелмей және лиценциясыз букмекерлік кеңсе жұмысын ұйымдастырған.

resize_of_737

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Олардың айтуынша, айыпталушы азамат ойын клубына қажетті құрылғыларды сатып алып, қаланың бірнеше жеріне орналастырған.

Сот отырысы барысында сотталушы және оның қорғаушысы прокурормен ерікті түрде процессуалдық келісім жасақтады.

Сөйтіп, Атырау қалалық №2 сотының үкімімен заңсыз букмекерлік кеңсе ашқан азамат Қылмыстық Кодекстің 307-інші бабы, 1-інші бөлігімен кінәлі деп танылды. Нәтижесінде, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз