Бүгін Атырауда ақын Гүлзада Ниетқалиеваның «Жүректегі жанартау» атты шығармашылық кеші өтіп жатыр (+ВИДЕО)

IMG 20190329 WA0025 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/UamVfQhfu_M

Atr.kz/ 11 сәуір, 2019 жыл. Бүгін Атырауда белгілі ақын Гүлзада Ниетқалиеваның «Жүректегі жанартау» атты шығармашылық кеші өтіп жатыр. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына жиналған жұртшылықтың қарасы қалың. Олардың арасында сонау Түркиядан келген халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы Қаржы және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Санжар Мүләзімоғлы да бар.

Белгілі  журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлзада Ниетқалиеваның қаламынан туған өлең-жырлар әдеби ортадан ойып тұрып орын алғаны белгілі. Ақынның шығармашылық кешінде ҚР Жазушылар Одағының төраға орынбасары Мереке Құлкенов және басқа да қонақтар сөз алып, жылы лебіздерін арнады.    

Сонымен бірге, автордың жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға Гүлзада Рахметқызының ата-анасы да қатысып, көрермен болды. Сол сияқты, ақынның сөзіне жазылған «Жан әке» және тағы да басқа әсем әндер шырқалды.

Қазір екі кезеңнен тұратын шығармашылық кештің алғашқы сәті аяқталып, келесі бөлімі бастау алуда. Мұнда әдебиет сүйер қауым ақын шығармаларына негізделген театрландырылған қойылымдарды тамашалау үстінде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Бейнежазбаны түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз