Британдық Кеңес қазақстандық мұғалімдерге бағалы сыйлықтар табыстады

britishcouncil cmyk indigo 01 Білім

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. Халықаралық Мұғалімдер күніне орай British Council қазақстандық ұстаздар арасында «Ағылшын тілі пәні бойынша ең үздік видеосабақ» онлайн конкурсын өткізді.

Байқау Қазақстанның бастауыш және орта сыныптарының ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында өтіп, финалистердің жұмысы Маңғыстау мен Атырау облыстары және Қазақстанның басқа аймақтары бойынша үш географиялық ерекшеліктеріне орай таңдалды. мұғалімдеріне ерекше назар аударылады. Конкурс Маңғыстау облысында «Тенгизшевройл» компаниясының қолдауымен English for Success («Ағылшын тілі жетістік жолында») жобасы аясында өткізілді.

«Теңізшевройл» ЖШС көптеген жылдар бойы өзінің Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында әртүрлі саладағы жобаларды, соның ішінде білім беру саласындағы жобаларды да, қаржыландырып келеді. Биыл, COVID-19 пандемиясы кезінде, «Теңізшевройл» мен Британдық Кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің видеосабақтардың сапасын жақсарту бастамасын қолдап, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мұғалімдердеріне арналған жобаны қолға алды.

200-ден астам ағылшын тілі пәнінің мұғалімі жарысқа қатысуға өтініш білдірді. Олардың барлығы Уорик университетінің (The University of Warwick) қолданбалы лингвистика орталығының директоры Пенни Мосавиан ханымның вебинарын тыңдады. Дайындықтан өткен қатысушылар өздерінің видеосабақтарын жазды. Финалға 30 мұғалім, оның ішінде 12-сі ауыл мектептерінің мұғалімі іріктеліп, қосымша вебинарлар мен түрлі сессиялардан өтті. Бейне мен дыбыстың сапасын жақсарту үшін оларға видеокамера, құлаққап пен микрофондар сыйлыққа берілді.

Үшінші кезеңде жеңімпаздар анықталды.

1-орын: Ұлдана Наурызбаева, Маржан Бегенова, Тамара Черешко,

2-орын: Инга Құдайбергенова, Тея Кирия, Татьяна Фоменко, Татьяна Жукова, Айгүл Қошанова,

3-орын: Жанар Бақтыгереева, Әсел Халықберген, Аманбибі Қошанова, Шолпан Ерполатова, Анар Ахмадиева, Айгүл Еңсепова, Ирина Купреева.

Жеңіске жеткен барлық ұстаздарға ноутбук, планшет пен электронды кітап табысталды. Жеңімпаздардың видеосабақтары әріптестеріне жұмыс орны мен тұрғылықты жеріне қарамастан жақсы көмек болмақ.

Мұғалімдер конкурстың оң тәжірибесі туралы ойымен бөлісті:

 «Сіздермен өткен күндер табысты әрі қызық болды. Оқыту мақсаты мен сабақ мақсатының айырмашылығын түсіндім. Видео үсіріп, YouTube-те аккаунт ашуды үйрендім. Өзіме сенімділігім артып, әрі қарай осы бағытта жұмыс істеуге, яғни балаларға арналған видеолар түсіруге жігерлене түстім. Бұл маған қатты ұнады! Осының барлығы Британ кеңесінің жобасы мен командасының арқасында. Пенниге бөлек рахмет айтқым келеді.

Қымбатты әріптестер, барлығыңызға жеңіс, бақыт, табыс тілеймін. Іске сәт!», Жалия Жайдақбаева Алматы қаласы НЗМ мұғалімі. 

«Мұндай тамаша жобаны ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары, сіздермен бірге өте жақсы еңбек еттік. Мен барымды салдым. Деніңіз сау болсын. Бәріңе сәттілік!» Елена Глухарева Көкшетаудағы №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия мұғалімі.

«Бүгін барлық материалды жүктеп қойдым. Бұл жобада білім алғаныма ризамын. Онлайн сабақ жазуда бізге тигізген жақсылығыңызға рахмет айтқым келеді. Пенни, сізбен танысқаныма қуаныштымын. Аман болыңыз», Маржан Бегенова, Маңғыстау облысы Боранқұл ауылындағы орта мектеп мұғалімі. 

«Британ кеңесінің ұжымына жарысқа қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын. Жақсы бір тәжірибе болды. Пенни ханым жоба барысында көп қолдау білдіріп, пайдалы кеңестерін аямады! Алдағы уақытта да бұл жоба жалғасын табады деп үміттенемін», – Ұлдана Наурызбаева, Атырау облысының жеңімпазы.

«Британ кеңесінің ұжымына бізге істеген жақсылығы, қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Мұндай керемет жобада қатысу мүмкіндігіне алғыс. Әрине, Пенни мен қазылар алқасына біліктілігі мен әр қатысушыға жоғары деңгейдегі қатынасы үшін ерекше алғыс. Жаңа жобаларды асыға күтемін», Татьяна Жукова  Павлодар қаласы №39 орта мектеп мұғалімі.

img 20201027 wa0048
img 20201027 wa0049
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз