Болашақтың тірегі – дені сау ұрпақ

canvas Жаңалықтар

24-25 сәуір күндері Атырау қаласында «Қазақстан Республикасы спортының жоғары жетістіктерінің негізі – білім жүйесіндегі дене шынықтыру және бұқаралық спорттың инновациялық технологиялары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.  

canvas

Аталған шара Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының 15 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылғалы отыр.

Орталық директоры Сәдіржан Жекеновтың айтуынша, конференцияға облыс басшылары, Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қалкен Жахин, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық Балтық бойы ғылыми академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Құлназаров, Мәдениет және спорт министрлігінің спорт  істері жөніндегі комитетінің спорт резерві және қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Бағытжан Есжанов қатысады деп күтілуде. Алғашқы күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ!» ұранымен оқушылар арасында спорттық-интеллектуалдық эстафета ойындарының облыстық біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді.

Абай Абылайұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз