Біздің әріптестер байрағы

33868348 584351365282597 4103609799835385856 n Жаңалықтар

Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тыныс-тіршілігін жоғары кәсібилікпен жарыққа шығарып, қоғамдық сананы қалыптастыруға үлес қосып жүрген журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты байқау жариялаған болатын.

33868348_584351365282597_4103609799835385856_n

Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын сараптап, бағалап қорытындысын Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз клубында өткен жиында жария етті.

Қоғамның өзекті мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударып, ана тілімізді насихаттап жүрген әріптестеріміз – «Атырау» газетінің мәдениет, білім, денсаулық бөлімінің меңгерушісі Гүлзада Ниетқалиева мен газеттің экономика және әлеуметтік мәселелер бөлімінің тілшісі Амандық    Абдоловтың ұсынған материалдары өзектілігімен ерекшеленіп, байқаудың «Үздік мақала» аталымы бойынша бірінші жүлдеге лайықты деп танылды. «Үздік радио бағдарламасы» аталымында «Қазақстан-Атырау» радиосының редакторы Аңсаған Сағынбаева мен «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясында облыстық телеарнаның редакторы Орынгүл Бектілеуованың мерейі үстем болды.

Байқауға қатысқан «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Гүлжан Әмірова, шолушы Мәлике Қуанышева, «Прикаспийская коммуна» газетінің бөлім меңгерушісі Марина Қуанышева, облыстық телеарна журналистері Индира Мұқашева мен Жұлдыз Тілеухан Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың Алғыс хаты мен ескерткіш сыйлығына ие болды.

Марапат иелерін қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабаев, Атырау облыстық тілдерді дамыту бас-қармасының басшысы Әсия Қыстаубаева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Мәншүк Мұқашева және басқалар құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз