Бізді ортақ тарих біріктіреді

ttttttttttttttttttttttttttttt 1 Жаңалықтар

Atr.kz/19 қараша, 2019 жыл. Көне радио. Қабырғаға ілулі телефон. Комсомол көшесінде орналасқан қызыл қабырғалы үйге кіріп келгенде алғаш көзге түсетіні осы.

«Балалар шошымасын деп телефонды кіреберіске қойдық» деген ер адамның дауысын келесі бөлмеде баланың сөйлеген сөзі бөледі.

«Бүгін анам жылады. Себебі, радиодан соғыс туралы хабар айтылды. Мен де, бауырларым да ештеңені түсінбедік. Бірақ, анам қатты жылады. Әкем үндемеді».

Бұл сонау алыста қалған 1941 жылдың 21 маусымы күнгі оқиға. Сол кездегі фашистік Гитлер әскерлерінің Кеңес Одағына ашқан соғысын еске салатын бұл үй әрі қарай сізді жарылған снарядтардың, зеңбіректер оғының ортасына түсіреді.

Ресей Федерациясына қарасты Астрахан қаласындағы Жауынгерлік даңқ музейіне кіргенде бастан кешірген сезіміміз бұл. Иә, миллиондардың қанымен келген Ұлы Жеңістің алда 75 жылдық датасы келе жатыр. Осынау мерекелік дата қарсаңында Астраханға арнайы сапармен барған біздің делегацияға Ерлік даңқы музейі ерекше әсер сыйлады.

Сегіз экспозициялық залдан тұратын музейде өздері «Погружение» деп атап кеткен мультимедиялық кабинеттен көзге жас алмай шығу мүмкін емес. Қазақшалағанда өткенге саяхат немесе тарихқа ену деген мағынаға келетін залдың ерекшелігі сол, мұнда қанды қырғын соғыс сіздің көз алдыңызға келеді.

Бір отбасындағы жағдайдан басталатын оқиға әрі қарай соғысқа ұласады. Және сіз жарылған снаряд пен тасталқаны шыққан үйіндінің ортасына тап боласыз. Жа у ы н г е р л і к даңқ музейінің м е ң г е р у ш і с і Н и н а Кадничанскаяның айтуынша, ерекше мультимедиялық зал 2015 жылы ашылған.

«Ондағы мақсатымыз соғыстың ақ пен қарадан тұратынын әсіресе, жас ұрпаққа жеткізу болды» дейді ол. М у з е й А с т р а х а н бағытындағы кезіндегі 28-ші армияның ерлік жолындағы күресіне арналған.

«Біз музей экспонаттарын он жыл уақыт жүріп жинақтадық. Тұтас музей арналып отырған 28-ші армия туралы көп нәрсе айтуға болады. Оның құрамына кезінде 34-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы, 248-ші атқыштар дивизиясы, 152-ші, 52-ші, 159шы атқыштар бригадасы, 76шы гвардиялық минометтік полк кірді.

Сонымен бірге, 28-ші армияның қарамағына 8-ші әуе армиясының 289шы шабуылдаушы әуе дивизиясы берілді. Сол кезде 28-ші армияға Астраханды жаудың басып алуынан қорғау, Қалмақ астанасы Элистаны жаудан азат ету, Сталинградқа су және темір жол көлігі арқылы көмек жеткізіп отыру міндеттелді.

Осылайша, 1942 жылдың 31 желтоқсанынан 1 қаңтарға қараған түні Элиста қаласы жаудан азат етіліп, 21 қаңтар күні Қалмақ территориясы толықтай тазартылды. 28-ші армия Ростовтағы Дон, Украина, Беларусь, Польша, Балтық маңы елдері, Шығыс Пруссия территорияларындағы кескілескен ұрыста, Берлинді басып алу жолындағы шайқаста алдыңғы сапта болды.

Біздің мақсатымыз – бейбіт өмір жолында күрескен 28-ші армияның ерлігін насихаттау» дейді Жауынгерлік даңқ музейінің меңгерушісі Нина Кадничанская.

Астраханға сапарымыздың басты себебі Каспий маңы елдері журналистерінің «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қ а р с а ң ы н д а » а т т ы медиатренингіне қатысу еді. Ресейлік «Север-Юг» саяси орталығы ұйымдастырған екі күндік медиатренингке Қазақстан, Әзербайжан және Ресей елдерінен барлығы 100-ге жуық делегат қатысты.

Дәстүрлі және электронды медиа редакторлары, жас журналистер, медиа қауымдастық өкілдері және студенттер қатысқан медиатренинг барысында Ұлы Отан соғысы тақырыбын медиакеңістікте ақпараттандыруда архивтік мәліметтерге сүйену мәселесі талқыланды.

Ме д и а т р е н и н г т і ң алғашқы күні Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің доценті Сергей Кондратенко, Ресей мемлекеттік кинофотоқұжаттар архивінің директоры Ольга Белякова, Political.kz жобасының бірлескен авторы, «AINCitadel» қоғамдық қорының президенті Ассоль Мирманова (Қазақстан), Астрахан мемлекеттік университетінің доценті Юлия Кудряшова, Бакудегі славян университеті профессоры Шелале Гасанова, Ресей Журналистер Одағының хатшысы Юлия Загитова және қазақстандық блогер Денис Кривошеев лекция оқып, өзіндік ойпікірлерімен бөлісті.

Медиа іс-шараның екінші күні қатысушылар «Победили вместе» телебағдарламалар мен деректі фильмдер халықаралық фестивалінің бас директоры Валерий Рузинмен, «Говорит Москва» радиостанциясының бас директоры Владимир Мамонтовпен, «Просвещение» телеарнасының бас директоры Владимир Косенчукпен кездесіп, еркін форматта пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Ал, Ресей қоғамының АИРО-XXI зерттеушілер қ а у ы м д а с т ы ғ ы н ы ң халықаралық кеңесінің т ө р а ғ а с ы Г е н н а д и й Бордюговтың жетекшілігімен өткен «дөңгелек үстел» шарасы Жеңіс мерекесінің қазіргі және болашақтағы мәні туралы толымды пікірлерді ортаға салды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Атырау – Астрахан – Атырау

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз