БІЗДІҢ АЙБӨПЕ – ЖҮЛДЕГЕР!

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Орта Азиялық жүйелік зерттеулер қоры» қоғамдық бірлестігі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және кәсіпкерлік саласы бойынша «Қазақстан кәсіпкерлігі – БАҚ көзімен» бай-қауын жариялаған болатын.
«Даму» қорының, Журналистер Одағының өкілдері мен іскер жандардан құралған қазылар алқасы еліміз бойынша жүзге тарта қалам иесінен келіп түскен 265 шығармашылық жұмыстың талапқа қаншалықты сай келетіндігін анықтау мақсатында жан-жақты талқыға салды. Нәтижесінде, облыстық «Атырау» газетінің экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімінің аға тілшісі Айбөпе Сабырованың «Талпыныс өрге оздырар...» атты сараптамалық туындысы жоғары баға алып, «Қазақ тіліндегі басылымдар арасындағы үздік мақала» номинациясын жеңіп алды.

Қиын да, қызықты экономика тақырыбында салмақты дүниелерімен көзге түсіп, оқырманын қуантып жүрген әріптесімізді жүлдесімен құттықтай отырып, шығармашылық жетістіктерге жете беруін тілейміз.

Құралай ОРАЗ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз