«Біз универсиадашыларды қолдаймыз!»

Лыжный пробег 24 Білім

Осындай атаумен Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары да еліміздің оңтүстік астанасында өтіп жатқан 28-қысқы Универсиада спортшыларына қолдау білдіру мақсатында шаңғымен сырғанаудан сайыс ұйымдастырды.

Лыжный пробег (24)

Елбасы мектебінің жоғары сынып оқушыларынан құралған 28 шаңғышы мектеп стадионында өзара сынға түсіп, отандық спортшыларға жеңіс тіледі.  Осылайша әлемдік спорт додасында ел қоржынына бірнеше алтын салған қазақ спортшыларына құрмет көрсеткен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары барлық қазақстандықтарды спортшыларымызға жанкүйер болуға шақырады.

Лыжный пробег (36)

Айшабибі Мұқанғалиева,

Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы:

Әр медаль – үлкен еңбектің нәтижесі

– «Универсиаданың өту барысын теледидар, ғаламтор арқылы бақылап отырамын. Әлемдік деңгейдегі сайыпқырандардың басын қосқан бұл халықаралық спорт сайысының еліміздің мәртебесін көтеретіні анық. Универсиадаға қолдау ретінде мектебімізде өткен шарада мен шаңғымен сырғанаудың қаншалықты қиын екенін түсіндім. Аяғым үнемі тайып, бірқалыпты тұрудың өзі оңайға соқпады. Сол себепті ел қоржынына түсіп жатқан барлық медальдар үлкен еңбектің нәтижесі, қазақ спортшыларының қайсарлығының көрінісі деп есептеймін».

Лыжный пробег (69)

Лыжный пробег (29)

Лыжный пробег (32)

Лыжный пробег (70)

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз