«Біз енді кәсіби маманбыз!»

IMG 3481 11 07 17 03 22 Білім

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұжымы биыл 65-ші түлектерін ұшырды. Аталмыш білім ордасын магистратура бойынша – 129, бакалавр дәрежесі бойынша – 1617 студент  тәмамдап отыр.  Олардың ішінен 88 студент үздік дипломға ие болды.

IMG_3481-11-07-17-03-22

Салтанатты жиынға қатысқан университет ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Абзал Тәлтенов іргелі білім ордасын аяқтап, үлкен өмірге жолдама алғалы отырған  түлектерді қуанышты күндерімен құттықтады.

– Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бүгінгі же­тіс­тігі зор. Биыл университетте ұстаздар дайындайтын мамандықтар және магистратура бөлімі ашылады. Болашақта іргелі оқу орны бірнеше мамандық бойынша Phd докторларын дайындауды да қолға алмақшымыз. Көпжылдық тарихы бар университет еліміздегі маңдайалды оқу орын­дарының алдыңғы сатысында көрініп келеді.Біздің мыңдаған түлектеріміз алған білімдері мен кәсіби біліктіліктерінің нә­тижесінде еліміздің түкпір-түкпірінде жұ­мыс жасап, мемлекетіміздің әлеуметтік-эко­номикалық дамуына елеулі еңбек ету­де. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Олар­­дың қатарында елге танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ұстаздар, ең­бек ерлері мен даңқты спортшылар бар. Енді сіздердің алдарыңызда тұрған тағы бір мақсат – университеттен алған білім­деріңізді тәжірибемен ұштастыра отырып, еңбек нарығында бәсекелестік қабілеті жоғары кәсіби маман болу. Үлкен өмірге қадам басқан әрбір түлектің болашағынан зор үміт күтемін,– деді Абзал Ахатұлы.

Буду работать в школе!

Одан әрі салтанатты кеште универсиетттің профессор-оқытушылары түлектерді құттықтап дипломдарын салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ, университет қабырғасында жүріп түрлі халықаралық, республикалық додаларға қатысып, білім, ғылым, өнер саласында үлкен жетістіктерге жеткен бірқатар студенттерге  арнаулы марапат  ұсынды.

Мерекенің соңы қуанышқа кенелген түлектердің көңілін «Заман» тобы көтерді.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттерді түсірген Аманат БАЯЗИТОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз