БІЗ БІРГЕМІЗ: атыраулық запастағы сержант арнайы жиынға баруға дайын екенін мәлімдеді

kogda i kak projdut voennye sbory v rossii v 2016 godu dlya tex kto v zapase Жаңалықтар

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. «Қазір ел басына күн туған күрделі заман болып тұр. Мен запастағы сержант ретінде арнаулы жиындарға баруға дайын екенімді мәлімдеймін» дейді запастағы сержант Өмірұлан Атайманұлы.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазір жасым 31-де. Бұған дейін әскери борышымды республикалық «Ұлан» гвардиясында өтедім. Мұнда атқыштар ротасында болдым. Кейін ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Жаяу әскер, бұдан соң Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық Ұланда қызмет еттім.

Қазір қызметім азаматтық салаға ауысты. Десе де, еңбек жолымдағы осынау жүріп өткен тәжірибемді еліміздің қорғаныс шебінде тұрып жалғастыруға дайынмын.

Бүгінгі сәтте бірлігімізді көрсету маңызды. Науқас жандарды дәрігерлер емдейді. Ал, қазақстандық армия мен полиция міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы, вирустық дерттің ушығып кетпеуіне жол бермеу. Мен Отанымды қорғауға дайынмын» деді Atr.kz– ге берген сұхбатында запастағы сержант Өмірұлан АТАЙМАНҰЛЫ.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-alty-adam-karantin-auma%d2%93ynan-za%d2%a3syz-shy%d2%9bpa%d2%9b-bol%d2%93an/
http://atr.kz/aybyin/k%d2%afnimiz-yrys-t%d2%afnimiz-tynysh-bolsyn-desek/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз