Биылғы сынақ – соны формата

Білім Білім

Биыл Ұлттық  бірыңғай тестілеу форматы өзгергені баршаға мәлім. Бұрын ҰБТ тапсырмаған оқушы жоғары оқу орнына түсу түгілі, қолына аттестатын да ала алмас еді. Осы  жылы талап өзгеше. Мектептердегі емтихан жүйесіне байланысты кәмелеттік аттестат қолда.

Білім

Биыл Атырау облысы бойынша мектеп бітіруші 4516 оқушының 70 пайызы сынақ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Облыста тоғыз тестілеу орталығы жұмыс жасайды. Маусымның 21-і күні алғашқы лек бағын сынады. Облыстық  білім   беру  басқармасы басшысы  Нұрсәуле  Сайлауованың айтуынша, бұл күні үш жерде – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау мұнай және газ университеті және Доссор кентінде оқушылар өз білімдерін сынға салды.

– Алғашқы сынға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті базасында 437 түлек ҰБТ-ға қатысты. Оның 263-і – қазақ, 174-і орыс тобы. Тестіде 120 сұрақ берілген. Толық жауап берсе, 140 балл жинайды. Ал, жоғары оқу орнына түсу үшін ең кемінде 50 балл жинауы керек. Берілген уақыт – үш сағат елу минут. Тестілеу қорытындысы әр оқушының жеке коды бойынша ғаламтор желісі арқылы жария етіледі, – деді ол.

Сүрінгендер биылғы тамыз айы мен келесі жылдың қаңтар айы аралығында қайта тапсырады.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз