Бішкектен Атырауға оралған кімдер екені белгілі болды

whatsapp image 2020 03 24 at 10.19.51 1 Жаңалықтар

Atr.kz/24 наурыз, 2020 жыл. Ерекше балалары бар атыраулық аналар Бішкектен оралды.

Бүгін, 24 наурызда жергілікті уақытпен 7.00-де Атырауға Бішкектен шыққан әскери ұшақ келіп қонды. Ұшақ бортында 21 жолаушы бар, 11 ана және церебралды сал ауруымен ауыратын 10 бала,-деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олар Қырғызстанда екі апта ем алған, бірақ рейс тоқтатылғандықтан елге қайта алмай қалды.

-Балаларды тасымалдау үшін айрықша жағдай керек болды, сондықтан , бұл іске Қорғаныс министрлігінің авиациясы тартылды,-деп хабарлады ҚР ҚМ Қырғызстандағы әскери атташесі полковник Ахтан Әбілдаев.

Елге оралғандарға арнайы аймақ жасақталып, коронавируске жедел тест алынды. Тест қорытындысы 7-8 сағат ішінде белгілі болады, егер тест теріс нәтиже көрсетсе, аталған ұшақ жолаушылары үйлеріне жіберіледі.

whatsapp image 2020 03 24 at 10.19.51

-Бішкек әуежайында да жан-жақты тексеруден өттік, дене қызуымызды өлшеп, өзіміздің де, балалардың да жағдайын қарады. Қауіпті дерттің белгісі байқалған жоқ. Бұл тест те теріс нәтиже көрсетіп, үйімізге баратынымызға сенеміз,- дейді ерекше баланың анасы Венера Әділова.

Арнайы аймақ барлық қажеттіліктермен: тамақ, гигиеналық құралдармен, киімдермен қамтылған. Бұл шара коронавирустің болмауына және таралмауына бағытталды.

-Бішкектен келген 11 ана мен 10 балаға мемлекет тарапынан, Атырау облыстық әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Осы мақсатта облыс әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылып, жолаушылар жан-жақты бақылауға алынады, оқшаулау аймағына орналастыру да назарда болады,-дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары, арнайы комиссия төрағасы Бақытгүл Хаменова.

«Atr-Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirus-pandemiyasy-atomdyқ-zhyldamdyқpen-өrship-barady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз