Біріккен Ұлттар Ұйымы пандемия таралуына байланысты ерекше ұсыныс жасады

200401103610692e COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемге тараған індетке баға берді.

«Коронавирус пандемиясы — бұл қазіргі қоғам үшін сыни кезең және көптеген елдер халықаралық қауымдастықтың қолдауына мұқтаж» деді БҰҰ Бас хатшысы деп хабарлайды Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Ұйым жалпы құны жаһандық ЖІӨ-нің 10% құрайтын экономиканы ынталандыру жоспарын қабылдауды, шағын және орта бизнесті қолдауды және халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсетуді ұсынады.

БҰҰ-да, сондай-ақ, дамушы елдерге, ең алдымен, олардың қарыз ауыртпалығын жеңілдетіп, қолдау көрсету қажет деп санаймын. Осы мақсатта COVID-19-ға әрекет ету және пандемиядан кейін қалпына келтіру қоры құрылды» деген БҰҰ Бас хатшысының сөзін бөлісті Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

http://atr.kz/bez-rubriki/elimizde-barly%d2%93y-24-adam-koronavirustan-zhazylyp-shy%d2%9bty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз