БІР КҮНДЕ – ҚОС ҚУАНЫШ

Құрманғазы ауданына сапары барысында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов үш қабатты 60 пәтерлік үйдің лентасын қиып, жергілікті тұрғындарға жаңа қоныс кілтін табыстады.

Айта кеткен жөн, көптен күткен пәтерлер әлеуметтік жағынан аз қамтылған және ұзақ жылдардан бері баспана кезегінде тұрған отбасыларға берілді.

Тағы бір маңызды оқиға – 280 орындық «Балбөбек» балабақшасының пайдалануға берілгендігі. Кішкентай ғана бүлдіршіндердің болашағына жолдама беретін балабақша жұмысына сәттілік тілеп, ата-аналардың қуанышымен бөліскен облыс әкімі аудан басшылығына мектепке дейінгі мұндай мекемелердің санын арттыруды тапсырды.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз