Бір, екі, үш, жансын жасыл шыршамыз!

17705c1ddee0deda0 1 Жаңалықтар

Атырау қаласында жұма күні орталық Сұлтан Бейбарыс атындағы орталық алаңда жаңа жылдың бір белгісі болып табылатын бас шырша шамдарын жақты.

17705c1ddee0deda0 (1)

Салтанатты шараға атыраулықтар мен қала қонақтары көптеп жиналды. Олар күннің салқындығына қарамастан, «жасыл ағаштың» айналасынан табылды. Арасында кішкентай бөбектер де бар.

Ортаға Аяз ата мен Ақшақар келіп, «Бір, екі, үш, жансын жасыл шыршамыз!» деп жар салды. Сол кезде түрлі түсті шамдар жарқ-жұрқ етіп, айналаны сән-салтанатқа бөледі. Кішігірім отшашу да ұйымдастырылды. Жиналғандардың ішінен өлең оқып белсенділік танытқандары жаңа жылдық сый-сыяпатқа ие болды.

28105c1ddee1a7430

Сондай-ақ, шырша шамдары Қайырғали Смағұлов, Дина Нұрпейісова, Саламат Мұқашев атындағы алаңдарда және Вокзал маңы мөлтекауданы мен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының алдында да жағылды. Ал, орталық Исатай-Махамбет алаңында әзірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 Амандық АБДОЛ.

Суреттерді түсірген: Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз