Білім және ғылым вице-министрі мектептерге латын әліпбиі қашан енгізілетінін айтты

a7703aa9673208e63965fe9d011304d8 Білім

Латын қарпінің бірыңғай нұсқасы қабылданған соң Білім және ғылым министрлігі жаңа әліпбиді мектептерде енгізу тәртібін жасайтын болады. Бұл туралы парламенттік тыңдауда аталған ведомостваның вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

a7703aa9673208e63965fe9d011304d8

«Әліпби нұсқасы бекітілген соң біз мектептерде латын қарпін енгізу графигін жасайтын боламыз. Бұл істі біз ұстаздар, ата-аналар қауымымен, министрліктермен кеңесе отырып жүзеге асырамыз» дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі.

Оның айтуынша, мұнда асығыс шешімдер болмайды. Барлық жұмыстар тәртіп бойынша, жүйелі түрде іске асады. Сонымен қатар, министрлік өкілі кадрларды даярлау, оқулықтар мен сөздіктерді шығару мәселесі де тыңғылықты жүретініне сендірді.

Бір қызығы, Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, орыс тілінде оқытылатын пәндерде кирилл қарпі қала береді екен.

«Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен ағылшын тілінен басқасы бұрынғысынша кирилл қарпінде оқытыла береді. Латын әліпбиі тек қазақ тіліне ғана және қазақша оқытылатын пәндерге ғана қатысты енгізілетін болады» дейді А.Аймағамбетов.

Н.Нұртай

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз