Білім беру саласының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 2020 жылы 2,4 млрд теңге қаралды

whatsapp image 2020 02 19 at 08.50.30 Білім

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Бұл туралы 2019 жылдың қорытындысы мен 2020 жылға жоспар жөнінде  тұрғындар алдында есеп берген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов хабарлады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2020 жылы білім беру саласындағы бес нысанға күрделі жөндеу жүргізіледі. №3, №7 орта мектептерде, М.Бекмұхамбетов атындағы мектеп, кешкі мектеп, Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы мектеп-интернат. Тағы бес білім беру мекемесін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда (№10, №28, №2 орта мектептер, Ломоносов атындағы мектеп және облыстық мамандандырылған мектеп-интернат).

– Облыс бойынша апатты жағдайдағы 5 мектеп бар. Осы мәселені шешу үшін Жұмыскерде 300 орындық Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп құрылысы жүріп жатыр. Құлсарыда №5 мектеп құрылысы жүруде. Тағы да бір мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, екі мектепке дайындалуда,- деп  атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Аймақ басшысы, сондай-ақ, үш ауысымда оқытатын 12 мектеп барын айтты. Оның бәрі де Атырау қаласында орналасқан. Жаңа мектептердің құрылысы аяқталғаннан кейін үш ауысымда оқыту мәселесі күн тәртібінен алынады. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз