БІЛІКТІ ӘДІСКЕР – ІС ҰЙЫТҚЫСЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Әдіскердің кәсіби құзыреттілігін арттыру-әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастырудың кепілі» деген тақырыпта облыстық семинар өткізді.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Маржан Ғалымжанова құттықтау сөз сөйлеп, оған қатысушыларға сәттілік тіледі.

Индер аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Роза Дәулетова, Атырау қалалық білім беру бөлімінің қазақ тілі, өзін-өзі тану, саз пәндері бойынша әдіскер Сандуғаш Құрмашева, Жылыой аудандық білім бөлімінің физика, математика, информатика пәндері бойынша әдіскер Іңкәр Қарабаева және басқалар тақырыптық баяндамалар жасап, соңынан өзара пікір алмасты.

Облыстық семинар соңында оған қатынасушы әдіскерлерге сертификаттар табыс етілді.

Лиза СЕЙТІМОВА.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз