Белсенді ұрпақ – болашақ кепілі

19 09 2016 Жаңалықтар

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Астанада республикалық жастар форумы өтуде. Екі күнге жоспарланған шараға мұнайлы өлкеден отыз адамнан құралған делегация қатысуда.  Олардың қатарында «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Дипломмен–ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде еңбек етіп жатқан жас қызметкерлер, өндіріс, өнер, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының мамандары, жас кәсіпкерлер мен депутаттар бар.

Делегаттар әр сала бойынша дискуссиялық жиындарға, пленарлық отырыстарға қатысып, Тәуелсіздік сарайында Елбасымен кездеспекші. Біз Елордада жүрген жерлестерімізге хабарласып, форум туралы ой-пікірлерін, алып жатқан әсерлерін білген едік.

Бойға жігер, ойға қуат берді

%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%83%d0%bb%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d0%b8%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b1%d0%b8%d0%b5%d0%b2

Өткен жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңында Жастар форумын ұйымдастыру мәселесі атап көрсетілген. Сондықтан, биыл ұйымдастырылып отырған бұл ауқымды шараның заңнамалық негізі бар деп толық айтуға болады.

Форум саяси-әлеуметтік те маңыз алып, қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларға жастардың үн қосу, талдау жасау, пікір-тәжірибе алмасу, ой бөлісу алаңына айналды. Өйткені, форум аясында әр саланы қамтыған 15 бағытта секциялық отырыстар ұйымдастырылмақшы.

Форумның мақсаты – қазіргі жастардың өзекті мәселелері жайында пікірталас өткізіп, талдау жасау. Сонымен қатар, жастардың шығармашылығын дамыту, қоғамдық белсенділіктерін арттыра отырып, маңызды мәселелерді шешуге тарту болып отыр.

Форум аясындағы ең басты шара — Елбасымен және вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу. Мұнда біз жақсы бастамаларымыз туралы ұсыныстарымызды айтуды жоспарлап отырмыз.

Жасұлан БИСЕМБИЕВ,

облыстық жастар саясаты мәселелері  басқармасының басшысы.

 

Ел үмітін ақтаймыз

%d0%b1%d0%b8%d0%b1%d0%b8%d0%b3%d1%83%d0%bb%d1%8c-%d0%bd%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%b0

Республикалық жастар форумы ойдағыдай ұйымдастырылған. Әр салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен бас қосып, танысып жатырмыз. Жастар «Мәңгілік ел» идеясы, қазақстандық патриотизм, Елбасы Жолдауы секілді бірнеше тақырыпты талқылап, ой-пікірлерін білдіруде.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жыл сайынғы Жолдауында жастарға үлкен сенім артады. Мемлекет басшысы көптеген міндет-тапсырмалармен қатар жасыл экономиканы, инновацияны дамытып, ғылымға негізделген экономика құруды жүктеді. Осы міндеттің іске асуына жастар да атсалысуы керек.

«Мәңгілік ел» әр қазақстандықтың ұлттық идеясы болып табылады. Біз, жастар осы мақсатқа жету үшін аянбай жұмыс жасауымыз керек.

Алдағы уақытта да жастарға арналған осындай мағыналы   форумдар жиірек ұйымдастырылса деген тілегіміз бар.

 Бибігүл НӘБИЕВА,    

З.Ещанова атындағы

өнер мектебі

директорының

орынбасары,

Махамбет ауданы.

 

Жаңа идеялардың бастауы

%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d0%b8%d1%80-%d0%b4%d0%be%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев елдің болашағы білімді жастардың қолында екендігін үнемі айтып келеді.

Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Инженер-технолог» мамандығы  бойынша бакалавр деңгейін алғаннан кейін, одан әрі «Болашақ» бағдарламасымен Лондонның Университеттік колледжінде ғылым магистрі атандым. Ал, қазіргі уақытта Алматы менеджмент университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша дистанционды түрде білім алудамын.

Сондықтан, «Жаһандық білім беру нарығы және ондағы Қазақстанның орны» атты секцияға қатысуға ниет білдірдім. Әлемдегі және Қазақстандағы жоғары оқу, сондай-ақ, кәсіптік оқыту жөнінде өз ойымды айтып, тәжірибеммен бөлісіп, басқа қатысушылардың пікір-ойларын талқылауды жоспарлап отырмын.

Дамир ДОСТАНОВ,

«Теңізшевройл»

компаниясының инженері. 

Үлкен мақсатқа жетелейді

%d0%b0%d0%b9%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%be%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b1%d0%b0%d1%81%d0%b0%d1%80%d1%83%d0%bb%d1%8b

Біз – «ағадан – ақыл, ініден – ізет» іздеген, кейінгі толқынға сенім артатын халықпыз. Атырау өңірінде жастар мәселесі бір сәт те назардан тыс қалған емес. Соның дәлеліндей, республика көлемінде өткізіліп отыратын басқосулардан қалмай қатысып келеміз.

Яғни, мемлекетіміздің  озық  30 елдің қатарына енуі жолында жасалып жатқан игілікті істерінің куәсі болып отырмыз. Сондықтан, өтіп жатқан республикалық жастар форумы – тағы бір тарихтың парағы болып жазылары хақ.  Елбасы жыл сайын 29 жасқа дейінгі әртүрлі саладағы жас мамандарды  жинап, бізбен дидарласуы, емен-жарқын әңгіме айтуы – Ұлт  Көшбасшысының ел ертеңін бізге сеніп тапсырып отырғандығы деп білемін.

Жеке өзіме үлкен мақсаттарға ұмтылуыма серпін беретіндей. Барлық жастарды ортақ мақсатқа жетелеп, бірлігіміз бекем болуға жұмылдырады.

Осындай форумдарда жаңа техника мен технологияны меңгерген жастардың ортамызда көп екенін, олардың өзгерістерден қорықпай, өміршең, серпінді жобаларын ұсынудан тартынбайтынын көріп, қуанамын. Себебі, осындай креативті жастар барда еліміздің келешегі кемел болары сөзсіз.

Айбек ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.

«Қоғамға үлес қосу – парызың»

%d0%b0%d0%bc%d0%b8%d1%80%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d0%bd%d1%83%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d1%83%d0%bb%d1%8b

Белсенді жастар форумы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Желісі үзілмеген игі шараның биылғы ерекшелігі –  заң жүзінде қабылданып, ресми түрде өтуі. Осы шара арқылы жастарға қатысты түйінді мәселелермен танысуға болады. Елімізде жастар саясатына байланысты атқарылып жатқан істер талқы таразысына салынып, олардың жұмысқа орналасуы, өмірден өз орнын табуы секілді мәселелер қозғалуда. Жалпы, форумның жастарға берері көп деп есептеймін.

Бүгінгі күні елімізде көптеген жастар ұйымдары белсенді жұмыс атқарып келеді. Мәселен, «Нұр Отан» партиясының жанынан құрылған «Жас Отан» ЖҚ қоғамдық-саяси жұмыстардың көшбасшысы болып, жастардың белсенділігін арттыруға атсалысса, «Жасыл ел» еңбек жасағы тазалық, көгалдандыру жұмыстарына жәрдем ете отырып, табиғатты қорғауға үлкен үлес қосуда.

Форумда осы аталған ұйымдардың жұмысы кеңінен сөз болып отыр. Өйткені, жастардың белгілі бір бағытты таңдап, қоғамға белсенді араласуына қоғамдық ұйымдардың маңызы зор. Өзім де бұл жұмыстардың басы-қасында жүрмін. Елге, Отанға деген сүйіспеншілігімізді әрбіреуіміз қолымыздан келгенше көрсетуіміз керек. Сонда, елдің келешегі де кемел болады.

Әміржан НҰРЛАНҰЛЫ,

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз