Белгілі журналист Сүйеу Халықов құрметті демалысқа шықты

Жаңалықтар

atr.kz/9 қыркүйек, 2020 жыл. Индер аудандық «Дендер» газетінде ұзақ жыл еңбек еткен, бір кездері бас редакторы да болған Сүйеу Халықов құрметті демалысқа шықты.

Осыған орай бүгін «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз клубында салтанатты шара өтті. Оны мекеме басшысы Ысқақ Егембердиев ашып, жүргізіп отырды.

­­­- Сүйеу Халықовпен ұзақ жыл қызметтес болып келеміз. Жоғары оқу орнында қатар оқыдық. Талай рет сапарлас та болдық. Сонда оны жақсы қырынан таныдық. Қарапайымдылық, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттеріне де көз жеткіздік. Сондықтан, әріптеске көрсетілген бүгінгі құрметті жалпы, аудан журналистеріне жасалған құрмет деп білеміз, – деді «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының кеңесшісі Исатай Балмағамбетов.

Шәкірттері атынан Қаршыға Көшеков сөйлеп, шынайы пікірін жеткізді.

Шара соңында құрмет иесіне марапат пен гүл-шоқтары ұсынылды. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған