«Бекіре» акциясының барысында 250 заң бұзу әрекеті анықталды

20171106152257924 big.jpg Жаңалықтар

Atr.kz/ 17 сәуір, 2019 жыл. Жайық-Каспий бассейнінде жүргізілген «Бекіре» операциясының барысында табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 250 әрекеті анықталды.

«Аумақтағы 250 бұзушылықтың 173-і Атырау облысында, 68-і Маңғыстау облысында және 9-ы БҚО-да анықталған. 191 адам әкімшілік жауапқа тартылды. 14 қылмыстық-жазаланатын әрекет тіркеліп, 2,3 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Құқық бұзушылардан 8 тонна 811 келі балық тәркіленді. Оның ішінде 621 келісі бекіре тұқымдас балықтар және 3,2 келі қара уылдырық болған», – деп хабарлады Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов.

Еске салайық, браконьерлерден балықтарды қорғауға бағытталған «Бекіре» акциясы 1 сәуірде басталды.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз