Бедел биігінде

Бедел биігінде 1 Білім

«Ұстаздардың ұстазы болу – ұлылық»  дейді халық  даналығы. Кәсіби мереке қарсаңында  Зәуре Жолдасова туралы  өрелі ой қозғағым келеді.

%d0%b1%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d0%bb-%d0%b1%d0%b8%d1%96%d0%b3%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5

Ата-анасынан өнегелі тәрбие алып, жастайынан ұстаздыққа құмартып өскен Зәуре Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін 1994 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. Әр жылдары облыс орталығындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқу ісі, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2002-2013 жылдар аралығында дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде қазақ тілінен дәріс берді. Бүгінде облысымыздағы маңдайалды білім ордасы болып табылатын №36 мектеп-гимназиясының  директоры.

Зәуре Базылқызы – шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл ұстаз. Балалар бойындағы дарынын ашуға бастайтын оның әдістемесі талай шәкірттің қиялына қанат бітірді. Бүгінде мектебімізден түлеп ұшқан түлектер әлеуметтік маңызы зор салаларда абыроймен еңбек етіп жүр.

Ұжым басшысының беделі  маңдай терімен, тыңғылықты тәжірибемен ғана емес, озық педагогикалық әдістерді ұштастыру арқылы да келді.

«Болашақтың басшысы мен данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісі мен кеншісін де ұстаз өсіреді» деп қазақтың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлы айтқандай, кемел келешек жолында білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі зор. Бұл ұжымның білім берудегі асар асуының, бағындырар биігінің зор боларына сенемін.

Айнұр  АХМЕТОВА,

№ 36 мектеп-гимназиясының мұғалімі,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз