Байрақты бәсекеде атыраулық спортшылар 23 алтын медаль еншіледі

1 12 Жаңалықтар

Атырауда тірек-қозғалыс жүйесі мен көру қабілеті бұзылған мүгедек-спортшылар арасында республикалық V спартакиада өтті. Онда аймақ намысын 57 спортшы қорғады.

1

Нәтижесінде, атыраулықтар 23 алтын, 8 күміс және 11 қола медаль еншіледі. Ал, командалық есепте үшінші орынға табан тіреді.

Жүлдегерлерді атап айтар болсақ, жеңіл атлетика мен паратаэквондодан – Нұрлан Домбаев пен Жанболат Қазиев, Бақытxаным Өтешова, Есболат Әбенов, жүзуден – Ержан Сәлімгереев, Екатерина Обратнова, Дмитрий Ли, Құрманғазы Әбділмұратов, үстел теннисінен – Раушан Орынбаева, Ерлан Қазиев, отырып волейбол ойнау командасы және парадзюдодан – Әнуар Сариев, Ғалымжан Маxметовтер ерекшеленді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз