Бердібек Сапарбаев өзге ұлт өкілдері туралы не деді?

b2332c9385d25cbd07592398d61 Жаңалықтар

Atr.kz/20 ақпан, 2020 жыл. Жамбыл облысында тұратын барлық ұлттар мен этнос өкілдері өңірдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауы тиіс.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біз көп ұлтты мемлекет екенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. Қазақстанның 30 жылдағы жеткен ең басты байлығы – бірлік пен бейбітшілік. Біз мұны одан әрі сақтап тұруға міндеттіміз. Облыста 87 этнос өкілі өмір сүреді десек, олар әрқашан ынтымақ пен татулықта тіршілік кешіп келді. Қордай ауданында болған жағдай біз үшін сабақ болуы тиіс», – деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Аймақ басшысы облыстағы алғашқы жұмыс күнінен бастап қоғамдық кеңеспен, зиялы қауым өкілдерімен, бірқатар ауыл тұрғынымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдағанын, халықты толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болғанын атап өтті.

«Кеше менен «Заң талаптары сақтала ма?» деп сұрады. Сақталады! Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан еліміздің заңдарын орындауға міндеттіміз», – деп атап өтті облыс басшысы.

http://atr.kz/bez-rubriki/%D2%9Bordajda%D2%93y-zh%D2%B1myssyz-zhastardy-%D2%9B%D2%B1rylysy-%D2%9Bar%D2%9Byndy-zh%D2%AFrip-zhat%D2%9Ban-ajma%D2%9Btar%D2%93a-zhiberu-kerek/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз