Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасарлығына тағайындалды

img 20200313 wa0030 Жаңалықтар

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл.  Бүгін Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Жаңа орынбасарды активке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов таныстырды.

Еске сала кетелік, Бақытгүл Хаменова 2016 жылдың  24 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты лауазымында болған еді.

Жаңа орынбасарды атыраулықтар әрі журналист, әрі педагог ретінде жақсы таниды. Мәжіліс депутаттығына сайланғанға дейін  Бақытгүл Хаменова Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжін басқарған еді.

Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы

Атырау облысы Атырау қаласында 1981 жылы туған.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  аспиранты;

Атырау мұнай және газ институтын  мұнай және газ инженері мамандығы бойынша аяқтаған;  

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және бизнес бакалавры бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының кандидаты.

1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы.

2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті.

2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, партияның Саяси кеңесінің мүшесі.

img 20200313 wa0015

Наградалары:

– «Ыбрай Алтынсарин» төсбелгісі (2010 жыл)

– ҚР Президентінің алғыс хаты (2011 жыл)

– «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2013 жыл)

– «Қазақстан мәслихатының 20 жылдығы» медалі (2014 жыл)

– «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2014 жыл)

– «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 жыл)

– «KAZENERGY» медалі (2015 жыл)

– «Экономика Мақтанышы» ордені (2015 жыл)

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз