МАМАН КЕҢЕСІ: Кез келген талды алып отырғыза беруге болмайды

3eef39682283008a27ce3965bee0070c Жаңалықтар

Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. Көктемде кезекті көркейту-көгалдандыру жұмыстарының басталатыны белгілі. Осы орайда, Атырауға 11 мың түп жеміс ағаштарының көшеті әкелінді.

 Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Атырау қ а л а л ы қ а у м а қ т ы қ инспекциясы мамандарының мәліметінше, бұл күндері ж е р г і л і к т і б а ғ б а н д а р өз учаскелеріне көшет отырғызуда. Қайсыбірі тіпті әлеуметтік желілерге шығып, көшет пен тұқымды қайдан алуға, қай кезде, қалай отырғызуға болатындығы жайлы кеңестерімен бөлісуде.

– Әрине, мұны құптарлық жағдай десек те, әр жерден алынған талшыбықтардың бәрі бірдей отырғызуға жа­рамды бола бермейтінін естен шығармағанымыз а б з а л. Егер көшеттер сырттан әкелінсе, оларды елдің ішінде пайдалануға рұқсат беретін сертифика­ты болуы тиіс. Түркістан облысының Сарыағаш қаласынан он бір мың түп жеміс ағаштарының көшетін жеткіздік. Сертификат олардың фитосанитариялық бақылаудан өткендігін, яғни қауіпсіз екендігін рас­тайды. Алайда, кейбір жағдайларда тиісті құжаты жоқ, карантиндік нысан бо­лып есептелетін көшеттердің көптеп әкелінетіні жасырын емес. Ал, бұл қауіпті екенін ескере бермейміз, – дейді инспекция басшысы Шолпан Жұмахметова.

Оның түсіндіруінше, фитосанитариялық бақылаудан өтпеген, сертификатын иелен­беген өнімдер өзімен бірге көптеген өсімдік зиянкестерін ала келуі ықтимал. Негізінен құрт пішінінде болып келетін мұндай кеміргіштер жеміс ағаштарының тамыры мен бұталарына түсетін бол­са, ойдағыдай өсіп-жетіліп, өнім беруі екіталай. Он­дай жағдайда, жекелеген ағаштарды ғана емес, тұтастай алқапты зиянкестерге қарсы қолданылатын препараттар­мен бірнеше рет химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді.

Мәселен, осыдан жеті жыл бұрын қала аумағындағы Бесікті ауылында алма ағаштары отырғызылған учаскені «калифорния қ а л қ а н ш а с ы » ж а у л а п алған. Үш жыл қатарынан жүргізілген химиялық өңдеу жұмыстарының нәтижесінде ғана жеміс бағын құтқарып қалуға мүмкіндік туған. Оның үстіне, қала базарларында көшеттерден бөлек, әр жақтан жеткізілген түрлі гүлдердің өскіндері мен тұқымдарының сатылатыны мәлім. Бұларда көбінесе нематод құрттары, қауын шыбыны мен томат сүмелегі сияқты кең тараған зи­янкестер кездеседі. Сондықтан, жемі с а ғ а ш т а р ы н ы ң к ө ш е т т е р і н н е м е с е гүлдердің тұқымдарын сатып алғанда олардың сыртқы түріне, бүлінген тұстарының бар-жоқтығына, ф и т о с а н и т а р и я л ы қ сертификатының болуы- на көңіл бөлген дұрыс. Ал, жоғарыда айтылған сақтық шаралары алынып, бабы келіс- кен бақтың берер ырыздығы да мол болары даусыз.  

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/endi-armeni%d1%8flyq-kolikpen-kedergisiz-zhuruge-bola-ma/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз