Балықшыда жылу батареясындағы суды қолдану қашан тоқтатылады?

image230748337 Жаңалықтар

«Атырау қаласындағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері жылу батареялары бойындағы ыстық суды күнделікті қажеттіліктеріне өтеп жүрген Балықшы поселкесінің тұрғындарынан әбден мезі болғандарын айтып, дабыл қағады.

image230748337

Қолымыздағы мәліметтерге сүйенсек, балықшылықтар жылу радиаторларынан 18 мың текше метрден астам көлемде ыстық су алады екен. Бұлай жалғаса беретін болса, суға бояу қосылатыны да ескертілген.

Айта кетейік, «Нұрсая» ықшамауданындағы алпыстан астам көпқабатты үйді жылытушы мекеме Атырау қалалық әкімдігінің шешімімен Балықшы поселкесінің қазандығына қосылған. Келесі жылы оны жылу электр орталығының жылу жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Серіктестік директоры Зұлқаш Наубеков ескі трассаларды жөндеу үшін жылумен қамту бағасын әлі де болса көтеру қажеттігін айтады. Осыған орай, 16 қазан күні Балықшы поселкесіндегі Жангелдин атындағы мектепте қоғамдық тыңдау өтпек.

Бүгінде облыс орталығыннда барлығы 977 көп пәтерлі тұрғын үй болса, соның түгелге жуығы гидравликалық сынақтан өткізілген. Әйтсе де, әлі жылыту науқанына дайын емес пәтер иелері кооперативтері бар. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мамандары қысқа дайындық жұмыстарының жалғасатынын жеткізді. Бұл бағытта туындаған апаттық жағдайларды жою мақсатында жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге бөлінген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз