Балықшыдағы жылу батареяларының суына «Уранин А» маркалы сырлы қоспасы қосылады

ФОТО БАЛЫҚШЫ Жаңалықтар

Атырау қаласы әкімінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі №1832 қаулысымен «Балықшы» ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету – «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-іне сенімгерлік басқаруға берілді. Осы орайда бұрынғы «Құспанова» жеке кәсіпкерлігі өз өкілеттігін тоқтатты.

ФОТО - БАЛЫҚШЫ

Жылу қазандықтарының нормативтік құжаттарына сай, жылу желілеріне ыстық судың қысымы 5 келімен жүріп, 2,5 келі қысыммен қайта айналып келуі қажет.

Алайда, қазіргі таңда «Балықшы» ықшам ауданындағы кейбір тұрғындардың жылу батареяларындағы ыстық суды пайдалануына байланысты, жылу орталығына су 1 келі қысыммен оралуда. Бұл процесс – пәтерлерге жылу энергиясының тиісті деңгейде жеткізілмеуіне әкеп соғуда.

Осыған орай, Атырау қалалық әкімдігі жылу энергиясын толыққанды беру, әрі жылу батареяларындағы ыстық суды тұрмыста пайдалануға тосқауыл қою үшін жылу желілеріне «Уранин А» маркалы сырлы қоспасы қосылатынын хабарлайды.

«Уранин А» сырлы қоспасы – энергетика және медицина саласында жиі қолданылады, денсаулыққа зиян келтірмейді.

Ал, тұрмыстық себеппен қолданылатын болса, ол адамның терісі мен киімдерге тиген жағдайда кетпейтіндігі ескертіледі.

Айқара Ғұмар

Фото atyrau.admir.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз