Балық десе, бәрін ұмытамыз

Балық десе бәрін ұмытамыз Жаңалықтар

Жуырда атыраулық тәртіп сақшыларының көмегімен он күннің ішінде заңсыз ауланған екі тонна балық тәркіленді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Демек, егер 19-28 қыркүйек  аралығында «Браконьер» шұғыл профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылмаса, табиғат заңдылықтарын ешкім елемейтін болғаны ма?..

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%b4%d0%b5%d1%81%d0%b5-%d0%b1%d3%99%d1%80%d1%96%d0%bd-%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%82%d0%b0%d0%bc%d1%8b%d0%b7

Шындығын айту керек, соңғы кездері экологиялық заң бұзушылықтар еш толастар емес. Деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда бұл бағытта 54 іс тіркелген. Оның сыртында, аңшылық қару-жарақтарын заңсыз сатып алу, пайдалану, біреуге беру және тасымалдау фактілері де көптеп кездесуде.

Аталмыш шараның он күнінде-ақ бес қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылардың 49-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылып үлгерді. Олардан бір тонна 735 келі балық және 54 қару тәркіленді. Оның 55 келісі бекіре тұқымдастарына жатады. Барлығы 328 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді.

Балықтың айналасындағы былық осымен ғана шектелсе ештеңе емес қой. Жақында Исатай ауданы Аққыстау селосының маңындағы Атырау-Астрахан тасжолында «Лада» жеңіл автокөлігі тоқтатылып, одан 15 келі бекіре тұқымдас және 17 келі басқа да сирек кездесетін балық түрлері алынды.

Ал, Еркінқала ауылы тұсында тексерілген «ГАЗель» автокөлігінен бір тонна 420 келі бағалы балық табылды. Сондай-ақ, «Yamaha» моторлы қолдан жасалған «Байда» қайығы тоқтатылып, үш азамат ұсталды. Тексеріс барысында 36 келі бекіре балығы мен 700 келі уылдырық, 169 келі қара балық пен 13 ау құралы және навигациялық «Garmin» құралы тәркіленді.

Осыдан көрініп тұрғандай,  көп күш жұмсалса да қылмыстық әрекет тыйылатын емес. Осыған қарағанда  бізде жазаға  тарту  бар да, ел ішінде түсінік  жұмыстары мардымсыз сияқты.

Нұрислам Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз